Облыс тұрғындарының жер және мүлік салығы бойынша 38 млн. теңге берешегі бар. Мемлекеттік кірістер департаменті қордаланған қарызды мерзімінде төлемеген азаматтарға хабарлама жіберіп жатыр. Тілші бейнематериалында толығырақ.
Өңірімізде 2022 жылдан бері көлік салығын төлемей жүрген жүргізушілердің берешегі бақандай 240 миллион теңгеден асып кеткен.
АСҚАР ЕЛАМАНОВ, ОБЛЫС БОЙЫНША МКД БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ \\ Көлік салығының да уақыты келіп жатыр 1 сәуірге дейін. Уақытында төлмесе оның артында өсімпұл бар салық төлеушілердің назарына ескертік жатқанымыз. Оның артынан сот орындаушыларға беріледі. Оның артынан тағыда 25 процент қосылады. Сондықтан салық төлеушілер уақытылы төлеп отырса жағдайдың бәрі жақсы болады деп ойлаймыз.
Сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдары жеке тұлғалардың мүлкін түгендеу арқылы салық базасын ұлғайтуға жұмыс істеп жатыр. Былтыр жеке кәсіпкерлердің мүлкін қайта бағалау нәтижесінде 280 миллион теңге қосымша қаржы құйылған. Ал, соңғы екі айдың қорытындысымен бюджетке 44 миллион теңге түсім түсті.
АСҚАР ЕЛАМАНОВ, ОБЛЫС БОЙЫНША МКД БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ \Жылдың басынан біраз жұмыстар жүргізіліп жатыр. Салық базасы ұлғайып, әр салық төлеуші қайта бағалаудан өткізіп өздерінің мүлкін. Мысалы кейбір жерде кездеседі үлкен магазин 5 млн.ға бағалап бұрын білмеген. Қайта бағалаудан кейін салығы көбейіп отыр нарықтық бағаға байланысты.
ГҮЛЖАМАЛ ШОРТАНБАЕВА, ОБЛЫС БОЙЫНША МКД БАСҚАРМА БАСШЫСЫ \\ Өткен жылы жеке тұлғалардың мүлік салығынан 214 млн түссе, биыл 38 млн.дай түсіп отыр. Бірақ бұл жерде айта кету керек, жеке тұлғалардың мүлік салығы салық кодексінде белгіленген шкалалар бойынша келтірілген сол бойынша есептеледі ставкасы. 2020 жылдан бастап жер салығы мен мүлік салығы жеке тұлғалардың бірігіп төленетін болып отыр. Сол кезде жер салығына бұрынғы қалыптасқан қарыздар бар 38 млн-дай.
Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да төлемдерді уақытылы орындау әрбір азаматтың міндеті дейді мамандар. Берешекті мерзімінде өтемеген жағдайда салық төлеушілерге тиісті шара көріледі.