#qyzylordatv
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде әскери дайындық бағдарламасынан өткен және жазғы оқу-жаттығу жиынын сәтті аяқтаған студенттер әскери ант қабылдады.
Екі жыл бойы әскери кафедрада білім алған, теориялық және практикалық машықтарын шыңдаған курсанттар еліміздің қарулы күштер қатарын толықтырып отыр. Офицерлер бағдарламасы бойынша 109 студент - запастағы офицер әскери атағына, ал сержанттар бағдарламасы бойынша 33 студент - запастағы кіші сержант атағына ие болды. Жалпы, білім ордасындағы әскери кафедра 2000 жылы құрылған. Осы уақыт ішінде 3174 студент әскери дайындықтан өткен.
БИБОЛАТ ЕРДІҒАЛИЕВ - ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІ ӘСКЕРИ КАФЕДРАСЫНЫҢ АҒА ОҚЫТУШЫСЫ / студенттер теориялық және практикалық бағдарламаларын өтіп, бөлімдегі 6 апта көлемінде барып келеді. / бүгінгі күні біздің әскери кафедрада 5 мамандықтар бойынша дайындайды. 4 мамандық запастағы офицер мамандығы бойынша, 1 мамандық запастағы кіші сержант дайындау бойынша жүргізіледі.
ЕРДӘУЛЕТ АЛМАТБЕК – СТУДЕНТ Бүгін біз әскери кафедарадағы оқуымызды сәтті аяқтап, осындай кереметтей күнге жетіп отырмыз. Осының бәрі бізге бағыт-бағдар беріп, темірдей тәртіпті, жауапкершілікті адалдықты үйреткен офицер мырзалардың арқасы деп білемін.