#qyzylordatv
Қызылорда қаласында Ұлы Отан соғысының 80 жылдығы және Қызылорда қаласының астана болғанына 100 жыл толуына орай футболдан әуесқой командалары арасындағы ХІІ облыстық чемпионат өз мәресіне жетті.
Чемпионат төрт айналымнан тұрды. Жарыс нәтижесінде Қызылорда футбол командасы жоғары деңгейде өнер көрсетіп, бірінші орынды иемденді.
ЖАҚСЫЛЫҚ ОСПАНОВ - ҚЫЗЫЛОРДА ФУТБОЛ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ /Биыл міне әуесқойлар арасында командаларының арасындағы облыстық футболдан чемпионатты 12-ші рет ұйымдастырып өткізіп жатырмыз. Бүгін міне мәресіне жетті. Кейінгі кезде республикалық футбол федерациясының қолдауымен биылғы жылы ерекше өтіп жатыр. Өйткені биылғы жылы ерекшелігі – осы чемпионатта жеңімпаз болған командалар республикалық әуесқой командалар арасындағы республикалық чемпионатқа қатысатын болады/
МАДИЯР ОРАЗБЕК– ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ /Қызылорданың футболы керемет дамып келе жатыр. Қолдап жатқан басшылыққа көп-көп алғыс. Соперниктер жағы бәрі мықты. Қазалы құрамасы, Сырдария, Шиелі құрамасы өте мықты командалар. Солардың бәрімен жақсы ойын болды/
Әуесқой футболшылардың бұл жетістігі – аймақта спорттың жақсы дамып келе жатқанының айқын көрінісі. Енді жеңімпаз командалар республикалық алаңда облыс намысын қорғайды.