«Қызылорда Оптомаркет» сауда желісінің жаңа нысаны ашылды
#qyzylordatv
Облыс орталығында «Қызылорда Оптомаркет» сауда желісінің он алтыншы нысаны ашылды. Сауда орталығы қаланың сол жағалауындағы «Syr Darya» ғимаратында орналасқан.
Тұрмысқа қажет дүниенің түр-түрі табылатын бұл сауда орнын сұраныс пен ұсыныстың тоғысқан жері деуге болады. Тұрғындардың талабы ескерілген жайлы әрі жаңа нысанның ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Нұриддин Аманқұл қатысты.
«Қызылорда оптомаркет» 2014 жылдан бері көтерме сауда саласы бойынша қызмет көрсетіп келеді. Ал жаңа орталық компанияның он алтыншы супермаркеті. Сауда орталығынан күнделікті тұрмысқа қажетті 10 мыңнан астам тауар түрін таба аласыз. Өнімнің түрі көп болғандықтан, сапасы мен бағасына қарай таңдау мүмкіндігі де жоғары. Айта кету керек, жобаның жалпы құны 300 млн теңгені құрайды.
АЙДАНА ЖҰМАДИНОВА – ТІЛШІ
Жаңа сауда орталығының ашылуы - жаңа жұмыс орындарының артуына, сондай-ақ тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасын жақсартуға ықпал етеді. Айталық нысанда 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
Сауда орнында әлеуметтік маңызы бар тауарларға арналған арнайы сөрелер бар. Кәсіпкердің айтуынша, тұтынушылардың тиімді бағада сауда жасауы үшін «Жұма жеңілдіктері» мен акциялар да ұйымдастырылады.
НЕЙЛЯ ҚОНЫСҚЫЗЫ – КӘСІПКЕР
Сол жағалауда қазір 20 мың тұрғын бар. Тұрғындар саны әлде де көбеюде. 30 мыңға дейін барады деп жобаланып жатыр. Сол жағалауға дүкен керек деп, халықтың сұранысы да бар, сондықтан міне ашылу салтанатын жасап отырмыз. Халыққа жағдай жасалған ішінде. Жұмыс жеңілдігі деген жүреді бұл жақта. Әр жұма, сенбі, жексенбі күндері.
Мұнда бала күтімімен қатар, үйдің азық-түлігі, керек-жарағын ойлап жүретін аналарға барынша жағдай жасалған. Яғни, ғимартқа кіре берісте ана мен бала бөлмесі, бүлдіршіндерге арналған тегін ойын алаңы бар. Бір мезетте сәбиіңді ойнатып әрі қалаған затыңды алып үлгересің.
Сауда нысанының ашылуына орай тұрғындар мен балаларға арналған іс-шара ұйымдастырылды. Балаларға мектеп сөмкесі табысталып, келушілерге сусындар мен түрлі тауарлар тегін ұсынылды.