Қазақстан - онлайн қызметтер индексі бойынша үздік ондықта
#qyzylordatv
Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының электронды үкіметті дамыту индексінде 24-орынға көтеріліп, онлайн қызметтер индексі бойынша әлемнің үздік ондығына енді.
Бүгінде елімізде мемлекеттік қызметтердің 90 пайыздан астамы онлайн көрсетіледі. Цифрлық мемлекеттік қызметтерді одан әрі жетілдіру үшін жаңа цифрлық өнімдер QazTech бірыңғай платформасында әзірлене бастады. Ал жаңа eGov 3.0 порталы азаматтарға қызмет алуды барынша жеңілдетуге бағытталған. Енді қажетті қызметті табу үшін интеллектуалды eGov GPT көмекшісі жол көрсетіп, кеңес береді.