Сырбойлық жұртшылық қоңыр әңгімеге құлақ түрді. Жақында ғана бастау алған рухани-танымдық жобаның кезекті қонағы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, жырау Алмас Алматов. Ол өзінің тағылымға толы тарихи-драмалық «Қазына» дастанын тыңдарманға әңгімелеп берді.