Биыл Самұрық-Қазына 3,2 триллион теңгенің инвестициялық жобаларын аяқтайды
#qyzylordatv
Каспий теңізінің табаны арқылы талшықты-оптикалық байланыс желісін төсеу жұмыстары жыл соңына дейін толық аяқталады. Президенттің қабылдауында болған Самұрық-Қазынаның басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов осылай деп есеп берді. Жалпы қор биыл 3,2 триллион теңгенің инвестициялық жобаларын түйіндеуді жоспарлап отыр.
Соның ішінде Мойынты – Қызылжар, Дарбаза – Мақтаарал теміржол желілерін салу, Алтынкөл – Жетіген, Бейнеу – Маңғыстау теміржол учаскелерін жаңғырту, Қашаған кен орнындағы газ өңдеу зауытының құрылысы сияқты ауқымды жобалар бар. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Қор жұмысының негізгі бағыттарына қатысты бірқатар міндет жүктеді.
НҰРЛАН ЖАҚЫПОВ - «САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ
2027-2029 жж 21 трлн теңгеге 38 жоба орындалуы тиіс. Бұл жобалар энергетика, мұнай-газ, көлік және цифрлық инфроқұрылым салаларын қамтиды. Корпаративтік әлеуметтік жауапкершілік аясында да жобалар бар. Ел бойынша медициналық және әлеуметтік нысандар салынып жатыр