Негізгі Жаңалықтар 10 мыңнан астам азамат жүргізуші куәлігінен айырылды

10 мыңнан астам азамат жүргізуші куәлігінен айырылды

#qyzylordatv #заңментәртіп

Елімізде цифрлық талдау нәтижесінде медициналық көрсеткіштер бойынша 10 мыңнан астам жүргізушінің куәлігі жарамсыз деп танылды. Бұл деректер Денсаулық сақтау министрлігінің, Бас прокуратураның және Ішкі істер министрлігінің ақпараттық жүйелерін интеграциялау арқылы анықталып отыр.  


 Деректер алмасуды цифрландыру көлік құралын басқаруға медициналық қарсы көрсетілімдері бар азаматтарды анықтауға мүмкіндік береді. Денсаулық сақтау министрлігі динамикалық медициналық бақылауда тұрған және көлік құралын басқаруға медициналық қарсы көрсетілімдері бар азаматтар туралы мәліметтерді ұсынады. Сондай-ақ жүргізуші куәлігін алу кезінде медициналық куәландыру процесі де цифрландырылды. Медициналық анықтама электрондық форматқа көшіріліп, медициналық комиссия қорытындылары ақпараттық жүйелерде көрсетіледі.


Бөлісу