Негізгі Жаңалықтар Жаңа көпбейінді аурухана жыл соңында пайдалануға беріледі

Жаңа көпбейінді аурухана жыл соңында пайдалануға беріледі

#qyzylordatv 

Қызылорда облысында денсаулық саласын заман талабына сай жаңғырту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бүгінде қала аумағында төрт бірдей ірі медициналық нысан бой көтеруде. Әріптесім Әділбек Серікұлы Сырдың сол жағалауынан салынып жатқан көпбейінді аурухананың құрылыс барысын көріп келді.  


 Бұл құрылыс аймақ медицинасы тарихындағы ең үлкен жоба. Жалпы құны 50 миллиард теңгеден асатын көпбейінді аурухана тікелей Президент тапсырмасымен салынып жатыр. Жеті гектар жерде 10 блоктан тұратын алып нысан бой көтерді. Ең биік ғимараты 9 қабатқа дейін жетеді. Құрылысшылар темір-бетон жабындыларын үш жыл дегенде аяқтап, қазір ішкі жұмыстарына кірісті.  


АЯН ӘБДІРӘСІЛОВ - УЧАСКЕ БАСШЫСЫ 

Әрлеу абаттандыру бар. Сыртқы қасбеттері жұмыстары жасалып жатыр. Екі ауысымда 600-ден астам адам жұмыс істеп жатыр. Жұмыс барысы 80-85 пайызға аяқталып отыр.


Мұнда стационарлық ем алушыларға 300 төсек-орындық ауруханадан бөлек 70 науқасқа арналған онкологиялық бөлімше ашылады. Және қаланың сол жағалауындағы тұрғындар үшін күнделікті медициналық қызмет көрсететін емхана жұмыс істейді. Жалпы жаңа нысан өңірдегі ең озық үлгідегі денсаулық сақтау ұйымы болады.  


НҰРИДДИН ӘМИТОВ - ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ 

Кардиология бөлімшесі ашылатын болады. Жүрекке одан басқа ми басқада перефириялық органдарға медициналық көмек көрсетуге болады. Сонымен қатар мұнда МРТ қойылайын деп жатыр. КТ қойылады. Қажетті заманауи онкологиялық соңғы құрал-жабдықтармен жабдықталады.


 Көпбейінді аурухана ел игілігіне берілген кезде облыс бойынша ем-дом алуға кезекте тұрған науқастарды жедел қабылдауға мүмкіндік береді. Яғни, дертіне шипа іздеген тұрғындар өзге қалаларға барып әуре болмай, туған жерде сапалы медициналық көмекке қолжеткізетін болады.   

Бөлісу