Негізгі Жаңалықтар Алты жасар «жүргізушінің» әкесі жауапқа тартылды

Алты жасар «жүргізушінің» әкесі жауапқа тартылды

#qyzylordatv #заңментәртіп 

Алты жасар жүргізуші. Арал ауданында 6 жастағы бала әкесінің көлігін тізгіндеп көшеге шыққан. Полиция қызметкерлері патрульдеу барысында аудан көшелерінің бірінде түнгі уақытта «Toyota Land Cruiser» маркалы автокөлікті басқарған 6 жасар баланы анықтады.


 Тәртіп сақшылары дер кезінде әрекет етіп, жол-көлік оқиғасының алдын алған. Тексеру барысында автокөлік жеткіншектің әкесіне тиесілі екені анықталды. Кәмелетке толмағанның заңды өкіліне балаларды тәрбиелеу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін, сондай-ақ кәмелетке толмаған баланың заңды өкілінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта тұрғынжайдан тыс жерде болғаны үшін әкімшілік хаттамалар ресімделді. Жинақталған құжаттар сотқа жолданып, іс сотта қаралды. Сот шешімімен баланың ата-анасына әкімшілік айыппұл салынды. Полиция қызметкерлері оларға профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.


Бөлісу