Сапалы білім мен санал тәрбие ұштасса ғана, ұлттың ұшпаққа шығары хақ. «Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» тақырыбымен өткен дәстүрлі тамыз кеңесінде 500-ге бала жанның бағбандары бас қосып, білім саласындағы өзекті мәселелерді талқылады. Сондай-ақ, шәкірт тәрбиелеу ісінде үздік атанған ұстаздар марапат төрінен көрінді.