Негізгі Жаңалықтар «Таза Қазақстан»: мектепте эко сабақ өтті

«Таза Қазақстан»: мектепте эко сабақ өтті

#qyzylordatv 

Қызылордада «Таза Қазақстан» экологиялық тұжырымдамасы мектеп бағдарламасына енгізіліп, оқушылар әр жұма күні ашық сабақтар өтіп келеді.  


Табиғатты аялау, қоршаған ортаны таза ұстауға үндейтін тәрбиелік шаралар балалардың бойына экологиялық мәдениет қалыптастырады. Оқушылар мектеп қабырғасында гүл көшеттерін отырғызып оны күтіп-баптауға үйреніп жатыр. Жалпы «Таза Қазақстан» эко акциясы аясында бүгінде жасөспірімдер көркейту, көгалдандырумен қатар айналаны таза ұстауға бейімделіп келеді.    


 ФАРИЗА ДӨНБАЕВА - МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ Бір тазалық күнімен, акциямен шектеліп қана қоймаймыз. Ақпараттық түсіндірме жұмыс ретінде дебаттар ұйымдастырылады. Тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырылады. Тал егу, әрбір оқушының өзінің жеке талдары бар соны қарайды.


Бөлісу