Тегеурінді тәртіп – әділетті қоғам негізі
#qyzylordatv
Жақында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» кітабы жарық көрді. Жаңа жинақта президенттің елдің дамуына қатысты әр кезеңде айтқан таңдаулы ой-толғамдары топтастырылған.
Саясаттанушы Әлібек Жаппасбаевтың пікірінше, жинақта мемлекеттік қызмет саласында жүрген мамандарға түртіп алар мағлұмат мол. Яғни, бұл кітап оңаша отырып жаза салған еңбек емес. Президенттің геосаяси аренада жүріп, 30 жылдан бері түйген орамды ойлары жүйелі топтастырылыпты. Кітап 21 тақырыптық бөлімнен тұрады. Бұл еңбекте заң үстемдігінен бастап, экологиялық мәдениетті орнықтыру, ұлттық ынтымақтастық пен әділетті қоғам құрудың қағидаларына дейін қамтылған.
ӘЛІБЕК ЖАППАСБАЕВ – САЯСАТТАНУШЫ
Бауыржан атамыз айтып кеткендей, тәртіпке бағынған құл болмайды, дегендей мемлекетімізде барлығы заң аясында, тәртіппен болуы керек. Себебі, осы кезеңде ғана мемлекет-азамат, азамат-мемлекет деген қарым-қатынастың барлығында ешқандай екіжақты ойлар туындамайды. Бұл дегеніміз, мемлекеттік басқару институттарына деген сенімді арттырады... Мемлекеттік қызмет саласында жүрген азаматтарға бұл бір орысша айтқанда «настольный книга» есебінде құрал болады деген ойдамыз. Себебі, мемлекет басшысының үлкен мінберде тұрып қабылдаған шешімдері және халыққа бағыттаған сөздері өздеріне тәжірибеге алуға болатын сабақ ретінде пайдаланса болады