Негізгі Жаңалықтар Қамшыбек Қоңқабаев жаңа қызметке тағайындалды

Қамшыбек Қоңқабаев жаңа қызметке тағайындалды

#qyzylordatv 

Былғары қолғап шебері, Сыр мақтанышы Қамшыбек Қоңқабаев «Спортшылар кеңесі» қоғамдық бірлестігінің спорт директоры лауазымына тағайындалды.


 Қамшыбек Бисенбайұлы — Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері және бокстан ұлттық құраманың бұрынғы капитаны. Ол Токио Олимпиадасында қола жүлде жеңіп алып, әлем чемпионаттарында екі рет күміс медаль иеленген. Сондай-ақ Азия чемпионаттарының төрт мәрте күміс жүлдегері.

Тәжірибелі спортшы көп жыл бойы аса ауыр салмақта Қазақстан намысын қорғап, ірі халықаралық жарыстарда ел қоржынына жүлде салды. Спорттағы жетістіктері мен елге сіңірген еңбегі үшін «Құрмет» орденімен марапатталып, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын иеленген.


 Айта кетейік, «Спортшылар кеңесі» қоғамдық бірлестігі биыл 8 шілдеде құрылды. Оның құрамына Олимпиада және Әлем чемпиондары мен жүлдегерлері, спортшылар, сондай-ақ ел спортының дамуына елеулі үлес қосқан ардагерлер кіреді. Олардың мол тәжірибесі мен кәсіби білімі спорт саласындағы өзекті мәселелерді шешуге және дене шынықтыру мен спорт саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіруге жұмылдырылған. 


Бөлісу