Негізгі Жаңалықтар Тағы да коммуналдық төлемдер туралы

Тағы да коммуналдық төлемдер туралы

#qyzylordatv 

Бүгінгі күннің басты тақырыбындағы мәселе – коммуналдық төлемдер болып тұр. Әңгіменің ашығы – Алсеко мекемесіне қатысты. Төлемақы қымбаттады ма, әлде басқалай себептер орын алып жатыр ма? Неге бұл мәселе күн тәртібінен түспей тұр? 


Естеріңізде болса, осыдан бір апта бұрын облыс әкімі Алсеко компаниясына орын алған қателіктерді түзетіп, төлем жүйесінің ашық әрі түсінікті болуын тапсырған-ды


 Бұл талап қаншалықты орындалды? Алсеко мекемесінің өкілі күні кеше Қызылордаға тағы келді. Нендей жұмыс істелді? Тыңдайық:


АЛЕКСЕЙ БОЗЖАНОВ – «АЛСЕКО» АҚ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ДИРЕКТОРЫ

Барлық коммуналдық қызметтер үшін орталықтандырылған база құру ұсынылған болатын. Әдепкіде кеткен қателіктер қайталанбас үшін. Бүгінде сол бірегей база жасақталып жатыр. Барлық коммуналдық салалардың деректері қайта қаралып, қателіктер түзетіліп, пысықталуда. Осы жұмыс барысында 30 пайыз сәйкессіздік анықталды. 18 мың мекенжай бойынша ақпарат бір ізге түсірілді. Алгоритм жасақталды. Барлығы толық реттелген соң бірегей дерек базасы коммуналдық салаларға таратылады. Ақпарат бір көзден болуы тиіс. Жыл соңына бұл жұмыс толық тәмамдалады.


Тұрғындар жаңа бірыңғай төлем жүйесі — «АЛСЕКО» енгізілгеннен кейін тұрғындар жаңа есепшоттар бойынша коммуналдық төлемдердің, әсіресе электр энергиясы құнының екі-үш есеге дейін өсіп кеткенін айтып шағымдануда. Жарық құны қымбаттады ма? Брады бар деп, жоқты жоқ деп айтқан жөн. Осы ретте КРЭК мекемесінің өкіліне осы сұрақты бағыттадық: тариф өсті ме? 


Тариф емес, қосымша құн салығы көтерілген болып шықты. Төлем тарифі бірнеше сатыдан тұрады. Ал, ең тиңмдңсң қайсы осының тұтынушы үшін?


 Қыркүйектен бастап, төлемақы жүйесінде қателіктер орын алмауы тиіс дейді жауапты мекемелер. Жарықтан басқа, су, «Қызылорда тазалығы» мекемелерінің қызметақысы ше? Бәрін саралап, мәселені анықтау үшін біз аталған коммуналдық қызмет салаларының жауапты өкілдерін арнайы сұқбатқа шақырған болатынбыз, осы сенбі сағат кешкі 9-да біздің эфирден көре аласыздар. Ал, Алсеко шытырман шоттар оқиғасы шамамен осы айда тәмам болуы керек деп отыр.


Бөлісу