Сыр өңірі қарқынды құрылыс алаңына айналды. Жыл сайын көптеген шағын аудандар бой көтеруде. Жаңадан әлеуметтік нысандар салынып жатыр. Қаладағы сәулетті ғимараттың бірі – Өнер орталығы. Қазір қызу жұмыс жүріп жатыр. Орталық орналасқан жердің аумағы екі гектарды құрайды. Құрылысты «СМП Қызылорда» ЖШС жүргізуде. Мәдени орталықтың сапалы салынуы – ең басты талап. Өнер орталығы соңғы сәулет үлгісінде жобаланған. Орталықтың дизайны жоғары деңгейде. Екі қабатты нысанда мың адамға арналған мәжіліс залы, арнайы үйірмелерге арналған бөлмелер жұмыс істейді. Қысқасы, облыс орталығында сәулеті айрықша нысан бой көтерді. Қазіргі таңда құрылысшылар ішкі жұмыстарды атқаруда. Мердігер компания басшылығы жыл соңына дейін өнер орталығын ел игілігіне ұсынуды жоспарлап отыр.