Депутаттар тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау мен тасымалдауға қатысты тарифті көтерді. Шешім он күннен кейін күшіне енеді, деп хабарлайды "Қызылорда" телеарнасы.
Депутаттар тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифті өсіру туралы шешім қабылдады. Мамандар бұл тарифтің соңғы төрт жылда бір тиын көтерілмегенін жеткізді. Қолданыстағы тариф бойынша көпқабатты үйлерден алынған тұрмыстық қатты қалдықтың текше метрі 232 болса, ол енді 388 теңге болмақ. Ал жеке тұрғын үйлерден жиналған қоқыстың текше метріне 321 теңге төлеп келген тұтынушылар енді 454 теңге төлейді.