Үзілмеген үрдіс жолымен саяси сарапшылар облыс әкімдерінің рейтингін жариялады. Әкімдер үшін ең маңыздысы алғашқы бестіктен түспеу. Бұл жолы көш басында Маңғыстау аймағының әкімі Нұрлан Ноғаев тұр екен. Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев төртінші орында. Бестікті Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев түйіндеп тұр, деп хабарлайды "Қызылорда" телеарнасы.
Рейтингте дәстүрлі түрде 17 облыс және 3 республикалық маңызы бар қалалардың әкімдерінің жұмысы сараланады.
Саралауға түскен кезең ішінде аймақта толымды тірліктер атқарылды. Үкімет отырыстарында біздің облыстың негізгі капиталға салынған инвестиция бойынша, өңдеу өнеркәсібіндегі өсу қарқыны бойынша көш ілгері екені айтылып отырды. Жаңадан есік ашқан бірнеше әлеуметтік нысандар және бар. Бұдан бөлек, түрлі деңгейдегі келіссөздер мен әріптестікті нығайту бағытындағы жұмыстар бір төбе.