Келер жылы елімізде 4700 шақырым жол жөнделеді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында айтылды.

Президент тапсырмасына сәйкес, 2029 жылға дейін 8 мың шақырым жолға реконструкция жұмыстарын жүргізу қажет. Соның ішінде келер жылы 4 700 шақырымы жөнделеді. Бұл қатарда «Қарағанды – Жезқазған» , «Ақтөбе – Қызылорда» аралығындағы жолдар да бар. Аймақ басшысы осы орайда облыстық және аудандық маңызы бар жолдармен қатар ішкі жолдардың да сапасына мән беруді тапсырды. Мәселен Арал ауданы Қызылжар елдімекенінің кіреберіс жолын қайта салу қажет деді.

Нұрлыбек Нәлібаев жол саласына қатысты кемшіліктерді анықтауда басқарма басшысына Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы филиалымен бірлесіп жұмыс істеуді тапсырды.