Биыл Сырдария ауданында құны 12,6 млрд теңгені құрайтын 27 жоба жүзеге асыру жоспарланған болатын. Соның 17-і қолдау тауып, республикалық және облыстық бюджеттен қаржы бөлінді. Сырдария ауданының даму жоспары қаралған кеңесте облыс әкімі басталған жобаларды уақытында әрі сапалы аяқтауды тапсырды.

Сырдария ауданында электр желілерінің 80 пайызы ескірген. Әсіресе, Тереңөзек кенті, Шаған, Қалжан ахун, Асқар Тоқмағамбетов, Сәкен Сейфуллин ауылдарында жарық мәселесі өзекті. Өткен жылы «Ауыл – ел бесігі» жобасы бойынша Шағанда электр желілерін жаңарту жұмыстары басталған болатын. Бұл жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады. Ал, Қалжан ахун елді мекенін электрмен қамту үшін республикалық бюджеттен 57 млн. теңге бөлінді.

БЕРІК СӘРМЕНБАЕВ – СЫРДАРИЯ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

//Қазір мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүріп жатыр. Ал, қажетті 380 млн республикалық бюджеттің нақтылауында күтілуде. Асқар Тоқмағамбетов елді мекенінің электрмен қамту жұмыстарына демеушілікпен құны 431,8 млн. теңгенің жобасы әзірленіп, облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасына ұсынылды//

НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ – ОБЛЫС ӘКІМІ

//Басқа аудандар, басқа да ауылдар бар. Солардың жағдайына қарап шешім қабылдаңыздар. 90 пайыз тозығы жеткен ауылдар бар шығар кезек күттірмейтін. Бірінші соларға берейік... \

Енді көгілдір отын мәселесіне тоқталсақ. Өткен жылы Сәкен Сейфуллин және Асқар Тоқмағамбетов елді мекендерінде газдандыру жұмыстары басталған болатын. Ал, биыл Шаған ауылына газ құбырын тартуға республикалық бюджеттен 100 млн. теңге бөлінді. Ауданда мұнан бөлек елді мекендерді ауыз сумен қамту бойынша 4 жоба іске асырылуда. Сонымен қатар, Тереңөзек кентінде тұрмыстық қатты қалдықтар полигоны салынады. Көпқабатты тұрғын үйлердің ауласы жаңартылады.

БЕРІК СӘРМЕНБАЕВ – СЫРДАРИЯ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

//«Ауыл – ел бесігі» жобасымен Тереңөзек кенті Иманов көшесі бойындағы көпқабатты тұрғын үйлер аулаларын қайта жаңғырту жобасына республикалық бюджеттен 60,3 млн. теңге қаржы бөлінді. Құрылыс жұмыстары наурыз айында басталады\

Облыс әкімі бірінші кезекте халыққа қажетті деген жобаларды қолдайтындығын айтты. Және басталған жұмыстарды уақытылы әрі сапалы аяқтауды тапсырды.