Жалағаштағы «Ақтерек» тынығу лагері мен аудандық мәдениет үйі күрделі жөндеуді қажет етеді. Кентте апатты деп танылған және тозығы жеткен көппәтерлі тұрғын үйлер бар. Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен кеңесте аудан әкімі осы және өзге де мәселелерді шешу үшін қаржы бөлуді сұрады.
Былтыр Жалағаш ауданының экономикалық дамуында оң тенденция қалыптасты. Атап айтсақ, өңдеу өнеркәсібі, инвестиция тарту, бөлшек сауда, ауыл шаруашылығы саласында нәтижелі жұмыстар атқарылды. Ал, биыл жалпы құны 3,4 млрд. теңгеге 24 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылады. Атап айтсақ, Ақсу, Шәменов ауылдары газдандырылып, Мырзабай ахун, Аламесек, Мақпалкөл елді мекендерінің электр желілері қайта жаңғыртылады. Аудандық маңызы бар Таң-Самұрат, Таң-Жаңақоныс, Шәменов ауылына кіреберіс жолдар мен 3 елді мекеннің 26 көшесі күрделі жөндеуден өтеді. Сонымен қатар, Жалағаш кентінде 2 көппәтерлі тұрғын үйді қайта жаңғырту, 5 арендалық тұрғын үй сатып алып, әлеуметтік осал топтарға беру, Таң ауылындағы мәдениет үйін күрделі жөндеу, 3 елді мекенге балалар ойын алаңын салу жоспарланып отыр. Аудан әкімі мұнан бөлек жобалық сметалық құжаттары дайын жобаларды облыс әкімінің назарына ұсынып, қаржыландыруды сұрады.
АРДАҚ ИБРАИМОВ – ЖАЛАҒАШ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
//Жолдар мен көшелер бойынша 15 жоба дайын. Аудан бойынша 10 елді мекеннің 52-і күрделі жөндеуге 13 жоба әзірленген. Сонымен қатар жалпы құны 5,9 млн тг құрайтын 2 аудандық маңызы бар автомобиль жолыны ЖСҚ дайын. Жарықтандыру бойынша 3 жобамыз дайын. .... \
НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ – ОБЛЫС ӘКІМІ
//Ең бірінші осы жарықты жағу үшін электр желілерін жаңарту керек. Подстанцияларды жаңарту керек. Бірінші қажеттілікке қарай жұмыс жасау керек.... \
Жалағашта шешуді қажет ететін мәселе көп. Соның бірі – «Ақтерек» тынығу лагері. 1999 жылы асар әдісімен салынған орталықтың тозығы жеткен бүгінде. Қонысбек Қазантаев атындағы мәдениет үйінің ғимараты да ескірген. Күрделі жөндеуді қажет етеді. Аудан әкімі мұнан бөлек апатты деп танылған көпқабатты үй иелеріне арендалық тұрғын үй салу, Таң және Жаңақоныс елді мекендерін газдандыру, кенттегі орталық алаңды абаттандыру жұмыстарына жобалық сметалық құжаттарын дайындау үшін қаржы керектігін айтты. Нұрлыбек Нәлібаев жауапты сала басшыларына әрбір жобаны жіті қарап, маңыздылығына қарай шешім қабылдауды тапсырды.
НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ – ОБЛЫС ӘКІМІ 56-01
//Облыс әкімінің орынбасарлары сіздер барлық ауданмен қаламен бірге осыны талдаңдар. Қайсысын қалдырасыңдар, қайсысын қалдырмайсыңдар. ...\
Жоба сметалық құжат үш жылға ғана жарамды. Сондықтан облыс әкімі ең бірінші халыққа қажет деген жұмыстарға ғана жоба дайындап, ұсыну керектігін ескертті. Себебі,бюджеттің әрбір тиыны санаулы.