Ақтөбедегі ақтүтек боран жолға шыққан жолаушыларға қиындық тудырып жатыр. Қазіргі уақытта 807 автокөлік Арал ауданының тұсында тұрып қалды. Жолда қалған адамдардың саны мыңға жуық.

Жолдың жабылуына байланысты арнайы штаб құрылды. Жергілікті кәсіпкерлер мен мекемелер, ерікті жастар 10 қазан палау істеп, жолаушыларға ыстық тамақ таратты. Сондай-ақ 49 балалы әйел мен 16 ер адам колледж жатақханасына орналастырылды. Медицина қызметкерлері жолаушылардың жағдайын тексеріп, қажетті көмек көрсетуде