Түркістан облысында шахматтан балалар мен жасөспірімдер арасында өткен Қазақстан чемпионатында Сыр спортшылары топ жарды. Қызылордалық екі оқушы енді Бразилияда өтетін балалар мен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын болады.
Тартысты додада аралдық Ақылжан Мейірханұлы шаршы тақтаның «классика» түрінен І орын алса, «Рапид» түрінен жүлделі ІІ орынға ие болды. Ал Ержанұлы Елнұр «классика» және «блиц» түрінен шашасына шаң жұқтырмады.
МАРАТ ЕСЕНОВ – ҚР ШАХМАТ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ
Қазақстан федерациясы атынан біздің екі баламыз әлем чемпионатына қатысады. Қазақстанның атынан барғаннан кейін жоғары көрсеткіш көрсету үшін ол балаларды дайындауымыз керек. Өздерінің жеке тренерлерінен бөлек республика деңгейінде қосымша тренерлерді шақырып, дайындық жұмыстарын жасауымыз керек. Биылдың өзінде республика деңгейінде төрт чемпионат осы Қызылордада өтетін болады шахматтан. Ол командалық классикада өтеді, ардагерлер арасында өтетін болады. Сосын қараша айында мастерлік нормаға халықаралық турнир өткізбекшіміз.