#qyzylordatv

Арал ауданында соттың арнайы талаптарын елемеген тұрғынға жаза тағайындалды. Азамат мас күйінде ұсталып, бұрын сотпен белгіленген шектеуді бұзғаны үшін әкімшілік қамаққа алынды.

 Аудан тұрғынына 3 маусымнда шыққан сот қаулысымен оның мінез-құлқына байланысты үш айға алкоголь мен есірткіден толықтай бас тарту жөнінде талап қойылған еді. Алайда азамат бұл тәртіпке бағынбай, мас күйде полицияға ұсталған. Сотта оның кінәсі іс құжаттарымен және өз жауабымен дәлелденіп, нәтижесінде 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.