#qyzylordatv
Қызылордада медициналық кереуеттердің сатып алу бағасын үш есе көтеріп, мемлекетке 157 млн 696 мың теңге залал келтірген есепшіге қатысты сот үкімі шықты.
Сотталушы облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында бас есепші қызметін атқарған. Ол азаматтық некедегі жұбайымен және оның інісімен алдын ала сөз байласып, аса ірі мөлшерде қаржыны қалтаға басқан. Қызылорда қаласының №2 соты оған 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Алайда, сотталушы Конституцияның отыз жылдығына байланысты рақымшылыққа ілініп, түпкілікті 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Қылмыстық кодекстің 63-бабының 1-бөлігіне сәйкес бас бостандығынан айыру жазаларын шартты жаза түрінде өтеу белгіленді. Мемлекетке келтірілген шығын көлемі қалпына келтірілген. Үкім заңды күшіне енген жоқ.