#qyzylordatv

Қала іргесіндегі Белкөл кентінде сүт фермасы іске қосылады. Қазіргі таңда қажетті қондырғылар орнатылып жатыр. Осы және өзге де жаңалықтар жөнінде кент әкімі баспасөз брифингінде баяндады.

 5 мыңға жуық халқы Белкөл кентінде 460 кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Оның барлығы дерлік жұмыс істеп тұр. Алғашқы алты айдың өзінде 80 тұрғын жаңадан бизнес бастаған. Енді солардың қатарын сүт фермасы толықтырмақ. Жеке қаражат есебінен салынып жатқан жоба жақын күндері өз жұмысын бастайды.

 ЖАСҰЛАН СӘДУ – БЕЛКӨЛ КЕНТІНІҢ ӘКІМІ /Белкөл кентінде сүт фермасы ашылатын болады. Бір мезетте 150 сиыр сауылады. Қондырғылардың барлығын әкеліп қойған. Тек қана малды күтіп отыр. Қазір карантинде. Мал келсе, жұмыс әрі қарай басталып кетеді.