#qyzylordatv
Облыста есірткі өсірумен айналысқан 32 адам құрықталып, оның 13-ы қамаққа алынды. Жалпы, «Қарасора-2025» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде есірткі қылмысына қатысты 70 дерек тіркелген.
Оның 41-і есірткі өсіру, 6-ау есірткі өткізу, 10-ы аса ірі мөлшерде сақтау және 22-сі есірткіге байланысты қылмыстық теріс қылықтар. Заңсыз айналымнан 898 келі 684 грамм есірткі заты алынса, оның 5 келіден астамы «марихуана», 8 килограм. 794 грамм көкнәр өсімдігі, 2 келі 301 грамы - синтетикалық заттар. Айта кетейік, «Қарасора - 2025» жедел-профилактикалық іс-шарасы 31-ші қазанға дейін жалғасады.