#qyzylordatv

Жол сапасы – мемлекеттің дамуын аңғартатын ең басты көрсеткіштің бірі. Биыл аймақтың жол-инфрақұрылымын жақсартуға 42 млрд теңге бағытталып отыр. Қазына қаржысы қалай игеріліп жатыр? Ол сапасы қай деңгейде? Тақырыпты тілшіміз тарқатады.

 Былтырдан бастап Тәуелсіздікке 25 жыл даңғылын жаңғырту жұмыстары басталды. Қазір екінші кезең бойынша Әбілқайыр хан көшесінен Саламатов көшесіне дейінгі бөлігіне 4 жолақты жол салынып жатыр. Жолдың қалыңдығы – 44 сантиметр, ұзындығы - 2,9 шақырым. Мұндағы қарқынды құрылысы толық аяқталса, қаладағы көлік кептелісі шешімін таппақ.

 Алысты жақындатып, жақынды табыстыратын, тіршілікті түлетін – жолдар. Сондықтан оның сапасы қатаң бақылауда болуы тиіс. Жол активтері сапасының ұлттық орталығы облыс көлемінде жүргізіліп жатқан жол-құрылыс үнемі назарда ұстап отыр.

 МАҚСАТ МҰҚАНОВ - «ЖОЛ АКТИВТЕРІНІҢ ҰЛТТЫҚ САПА ОРТАЛЫҒЫ» ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ //Қазіргі таңда қызылорда облысында 126 нысанда жол-құрылысы жүргізіліп жатыр. / Қызылорда облысында жолдың сапасы жақсы деңгейде. Шұңқырлар аз. Жолдың бәрі теп тегіс.

Қазір «Қызылорда-Жезқазған» республикалық автожолының қала аумағынан өтетін 2 мен 12 шақырым аралығына орташа жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл - осы төңіректегі ауыл тұрғындары үшін аса маңызға ие. Сондықтан мамандар жылжымалы зертханамен жаңадан төселген асфальт жабындысынан сынама алып отырады. Оның барлығы орталықтың заманауи зертханасында сараптамадан өтеді.

МАҒЖАН ҚАСЫМХАН - ЗЕРТХАНА МЕҢГЕРУШІСІ /бізде жұмыстардың барлығы осы планшетпен жұмыс істеледі. Сынамалардың барлығы осы планшетке түсіп отырады. / бізде 2025 жылы 1700-ден астам сынама алынды.

Жол активтері сапасының ұлттық орталығы республикалық жолдар бойынша 11 нысанға, облыстық маңыздағы 10 жобаға, аудандық және елді мекендерді ішкі жолдар 88 жолға, қалада 16 көшенің құрылысына бақылау жүргізуде.