Байқоңырда «Белсенді қарттық» жобасы жүзеге асуда. Мұндағы мақсат – егде жастағы кісілердің бос уақытын тиімді өткізіп, денсаулығын жақсарту. Қалалық мәдениет үйінің жанынан ашылған үйірмеде әжелер ән айтып, би билейді.

Любовь Сайфуддинова 40 жылдан аса уақыт ғарыш айлағында әскери қызмет атқарған. Енді міне, зейнетке шығып, бос уақытын өзіне арнап жүр. Алпысты алқымдаған ол аптасына екі рет ән үйірмесіне қатысады, қалған күндері би қимылдарын үйренеді. Өнерлі ардагер қазір Наурыз мерекесіне дайындық үстінде.

ЛЮБОВЬ САЙФУДДИНОВА – ЗЕЙНЕТКЕР

«Ақпан айынан бастап біздің үйірмеміз басталды. Біз өте қуаныштымыз. Бізбен мұндағы балалар өте жақсы жұмыс істейді. Ән үйретеді, билейміз. Осылайша белсенді өмір салтын ұстанып жатырмыз».

Ал, Мариям Қалқаманованың негізгі хоббиі - тоқыма тоқып, тігін тігу. Жетпіске таяп қалған әжей мұнымен қатар вокалға қатысып, хорда ән айтып жүр. Биге де қатысады. Айтуынша, мұнда келгелі денсаулығы жақсарып, өзін сергек сезіне бастаған.

МАРИЯМ ҚАЛҚАМАНОВА – ЗЕЙНЕТКЕР «Барлық жерге қатысамын. Өлең айтамыз, билеймін. Өзіме ұнайды. Аптасына екі рет келемін. Денсаулығым бәрін көтеріп жүрміз. Тіземіз ауыратын еді. Возраст қой енді. Тіземіз ауыратын еді қазір ауырмайды. Шауып жүрміз».

АҚЖАРҚЫН ЖАППАСБАЕВА – ЗЕЙНЕТКЕР

«Активные долголетие, белсенді өмір деген жобаның ашылғанын өзім жақында білдім. Бізде бұрын мұндай болмаған. Бұл жерде енді біз Қазақстанбыз ғой екі жақтың қосылған жері. 2-3 апта бұрын ғана осыны естіп қуана-қуана келдім».

Зейнетке шыққан әжелердің бірі бала күнгі арманына қол жеткізсе, енді бірі өнерге енді қадам басуда. Үйірмеге қатысу ақысыз. Оларға кәсіби мамандар көмек береді.

ТӨРЕБЕК ҚОЖАБАЕВ - ВОКАЛ ҮЙІРМЕСІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ "Жас келген сайын, адам бала болып барады" дейді ғой. Сол рас екен. Үлкен кісілермен жұмыс істеген өте күшті. Біз келер алдын сұрадық, денсаулықтары жарай ма жоқ па. Олар біліп келді барлығын. Уражнения жасағанда барлығы бірдей, распевка жасайды. Алдағы тексттерін жаттап, күнде концерттерге дайындалады".

Иә, мұндағы қатысушлар қарттығына қарамастан тәлімгердің айтқанын бұлжытай орындайды. Соның арқасында қимылы ширап, көңіл-күйі жақсарып келеді.