Қызылорда гарнизонында мерзімді әскери қызметке шақыру науқанының басталуына орай, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында әдістемелік-нұсқаулық жиын өтті.
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде «Өмірді сақта» ведомствоаралық бағдарламасының жоспарына сәйкес «Сыбайлас жемқорлықсыз армия» тақырыбымен өткен нұсқаулық жиында құқық бұзушылықтың алдын алу, билікті асыра пайдалану фактілерін ескерту, мерзімді әскери қызметке шақыру науқанын сапалы өткізу нормалары түсіндірілді. Мамандардың айтуынша, мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны кезінде түрлі мәселелер орын алатындығын жеткізді. Сондықтан жүйелі жұмыс жасау маңызды, дейді.
СҰЛТАН ЕРМҰХАММЕД – ҚЫЗЫЛОРДА ГАРНИЗОНЫНЫҢ ӘСКЕРИ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ ӨКІЛІ //Бүгінгі күні мерзімді әскери қызметке шақыру кезінде елеулі мәселелер проблемалар бар. Прокурорлық қағидалау практикасы осы бағытта әскери бөлімдер әскерге шақыру контингентінде кемшіліктер бар екенін көрсетті. Бұл армияның жауынгерлік дайындығының жалпы жағдайына теріс әсер етеді. Бұл ретте кейбір құқық бұзушылықтар азаматтардың құқықтарына қысым жасаумен және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алғы шарттарын жасаумен байланысты.//
Былтырғы жылы облыс бойынша мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны ойдағыдай өткен. Дегенмен, бірқатар кемшіліктер де анықталыпты.
ҒАЛЫМЖАН ТАСЖАНОВ – ОБЛЫСТЫҚ ҚОРҒАНЫС ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТ БАСТЫҒЫ //2023 жылы Арал ауданында орын алған кемшілік бар. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты алаяқтықпен іс қозғалды. Сондықтан осы жиын арқылы қызметкерлер құрамына толықтай түсіндірілуде. Алдағы уақытта мерзімді әскери қызметке шақыру науқанын сапалы өткізу мақсатында.//
Айта кетейік, көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны наурыз айының бірінен басталмақ. Осыған сәйкес, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі тапсырмасымен өңірден 800-ге жуық сарбаз әскерге аттанады деп жоспарланған.