Мемлекет басшысының тапсырмасымен қолға алынған «Аңсаған сәби» арнаулы бағдарламасы отбасылық-демографиялық мәселелерді шешуге жәрдемдесіп келеді. Биыл облысқа бөлінген квота саны 270-ке жетті.

Өткен жылы бағдарламаның көмегімен бала сүю бақытына 86 отбасы кенелсе, биыл олардың қатары арта түспек. Былтырдан бері балалы болуға ниетті 750 отбасы арнайы тізімге қойылған. Соның 274-не кезектілік реттілігімен арнайы орталықтарға жолдама берілді. Ең маңыздысы, мемлекеттік бағдарламаға иек артқандардың үміті 100 пайызға орындалыпты. Мамандар, бұл республика бойынша ең жоғары көрсеткіш дейді. Айта кетейік, өңірде мемлекеттік бағдарлама іске қосылғалы 1327 отбасыға квота берілген.

ЖАҢЫЛ ӘБУБӘКІРОВА – ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ //Кезекте тұрған отбасылардың барлығы өңірлік комиссия арқылы қаралып, қолданыстағы бұйрықтарға сәйкес жолданады. «Аңсаған сәби» арнайы бағдарлама шеңберінде жүргізілген ЭКҰ циклдеріне мониторинг жүргізу, пациенттердің құжаттарын қабылдау және құрылған комиссияға ұсыну жұмыстары басқарма тарапынан жүргізіледі.//