Облыс әкімінің төрағалығымен арнайы мәжіліс өтті. Жиында Президенттің Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында 4 ауқымды инфрақұрылымдық бастамасын жүзеге асыру барысы қаралды. Әңгіме негізінен су, газ, электрмен қамту, коммуналдық қызметтер турасында болды.

Президент тапсырмалары мүлтіксіз орындалуы тиіс, оның бәрі қатаң бақылауда болады деп ескертті облыс әкімі. Энергетика мәселесіне келер болсақ, биыл 741 шақырым электр желісі, 127 подстанса жаңармақ. Газбен, ауыз сумен қамту бойынша да бірнеше жоба жүзеге аспақ. Ұлттық Құрылтайда Мемлекет басшысы бюджетті оңтайландыру міндетіне тоқтала келе, экономикалық өсімге әсер ететін басты бағыттарды ғана қаржыландыру қажеттігін атап өтті. Осы ретте, облыстың республикалық бюджеттен берілетін субвенцияға тәуелділігін төмендетудің бірден-бір жолы жергілікті бюджеттің салық базасын ұлғайту екендігі белгілі. Дейтұрғанмен салық түсімі толығымен орындалмай отыр. Мәселен, бір ғана көлік салығын алсақ, көрсеткіш мынадай:

Бірнеше бағыт бойынша сараланған хабарлама нәтижесін зерделей келе, салық базасын ұлғайту бойынша тиісті тапсырмалар берілді. Ал, елді мекендерде бақылау-кассалық машиналарын қолданбайтын субъектілерді анықтау үшін рейдтер жүргізілмек.

КЕЛІСІ 30 ТЕҢГЕЛІК ПИЯЗ НЕГЕ САТЫЛМАЙ ТҰР?

Сырты сары арзан дүкендер туралы немесе «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы алдыңғы жылдары бірнеше тонна азық-түлікті шірітіп, қоқысқа тастағанын жұрт ұмыта қойған жоқ. Сол оқиғаның қайталану қаупі де жоқ емес екен. Қоймада үлкен көлемде пияз барын мекеме басшысы да айтып отыр.

Ысырап болып қоқысқа түскенше, «30 теңгеден жуа бар» десең мына жұрт санаулы минутта дүкендерге, базарларға жетіп барар еді ғой... Жоқ емес, бар, бірақ сол барды ұқсата алмай жүрген жайымыз және бар. Жоқшылықпен ғана емес, тоқшылықпен де сыналып жатқан секілдіміз.