Бүгін – Жаңару күні. Наурызнамаға енгізілген атаулы күнді биыл көктемгі ағаш егу дәстүрімен бастау ұсынылды. Осыған орай Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы экологиялық іс-шараға қатысып, ұжымның бірлігі мен белсенділігін көрсетті.

Жер тоңы жібіп, алғашқы көк қылтиып шыға бастаған шақта шыбық қадап, тал отырғызу – сауапты іс. Жерге шаншылған әрбір тал күтімі жақсы болса, күні ертең жапырағы жайқалған терекке айналып, сая болмақ. Экологиялық іс-шарада Мәдина Ерәлиева атындағы мәдениет үйінің ауласына 60 түп терек отырғызылды.

БАТЫРЖАН ҚАРАКӨЗОВ - «ҚЫЗЫЛОРДА ЭЛЕКТР ТАРАТУЫ ТОРАПТАРЫ КОМПАНИЯСЫ» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ «бүгін Жаңару күніне арнайы бізде КРЭК мекемесінде үлкен іс-шара өткізіп жатырмыз. Біздің биыл 60 жылдық аясында бүкіл Аралдан бастап, Жаңақорғанға дейін 600-дей талды егіп, бүгін соның басын бастап жатырмыз. Осы жылға бізде көптеген іс-шаралар қарастырылған рет-ретімен өткіземіз. Осы міне наурыз күндерінде, жаңару күнінде жақсы істерден бастап жатырмыз».

ЖҰМАБАЙ ШЕРНИЯЗ - МӘДИНА ЕРӘЛИЕВА АТЫНДАҒЫ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ

«60 жылдықтарына байланысты 60 түп терек егіп жатыр. Мынау мереке құтты болсын. мына жерге келіп үлкен бір сезімде болдық Қызылорданың крэкі, қолдарында күрегі. 60 тал келіп егіп беріп, мәдениеттің мінекей бүлкілдеді жүрегі демекші осы мына компанияға көп-көп рақметімізді айтамыз».

Іргелі ұжым осылайша Ұлыстың ұлы күні аясында жас шыбықтарды отырғызуға ерекше қарқынмен кірісіп кетті.