Бүгін – Ұлттық спорт күні. Наурызнаманың онкүнідігі аясында Қызылордада үстел теннисі орталығының іргетасы қаланды. Салтанатты шараға аймақ басшысы, спорт саласының ардагерлері қатысты.

Бүгінде аймақ халқының 39 пайызы бұқаралық спортпен шұғылданады. Спорттық инфрақұрылымды жетілдіру, оның қолжетімділігін арттыру басты назарда тұр. Мемлекет басшысы да бұған мән беруді тапсырған еді. Бұл тұрғында Сыр өңірінде серпінді жобалар жүзеге асырылып жатыр.

НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ – ОБЛЫС ӘКІМІ //Аудандарда 2,7 млрд теңгеге 11 денешынықтыру кешендері салынды. Облыс орталығында халықаралық стандарттарға сәйкес орталық стадион, жабық бассейіні бар көпсалалы кешені салынуда. Еліміздің көк байрағын әлемдік дәрежеде желбірететін чемпиондарымыз шыға бергей.Ұлтымыздың бар болмысын айшықтайтын наурыз мейрамы елімізге, әрбір отбасыға бақыт молшылық әкелгей.

Үстел теннисі олимпиадалық спорт түріне енген. Бүгінде аймақта мұнымен 13 мыңдай адам айналысса, спорт мектептерінде де ден қойған жастар де аз емес..

ЖАНМҰРАТ СЕЙІЛОВ – ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ, СПОРТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ //Облыс бойынша 12 спорт мектебінде кәсіби 14 жаттықтырушының жаттықтыруымен 600 дайындалып жатыр.

Айта кетейік, үстел теннисі орталығы Сырдың сол жағалауында ірге көтерді. Қос қабатты кешеннің құрылысына 2,7 млрд теңге жұмсалмақ.