Сыр спортының түлегі Айдос Сұлтанғали грек-рим күресінен Бішкектегі лицензиялық турнирде Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды. 60 келіде белдескен отандасымыз ширек финалда Тәжікстан өкілі Асламджон Азизовтан 2-1 есебімен басым түсті. Ал, жартылай финалда Қытайлық балуанды уақытынан бұрын ұтты. Қазір Қазақстан қоржынында күрес түрлерінен Париж Олимпиадасының 5 жолдамасы бар.