Бүгін Жаппасбай батыр көшесіндегі көпқабатты үйден 80 отбасыға баспана кілті табысталды. Ел Президентінің халықты баспанамен қамту туралы тапсырмасы Қызылордада жүйелі түрде орындалуда. Алдағы күндері қоныс тойы тағы жалғасын табады, - деді облыс әкімі.

Біздің телеарна жаңалықтарын жүйелі көретін өзге өңірдегі жұртшылық «Қызылордада қоныс тойы көп екен» деген пікір айтады. Бұл енді рас! Жыл басталысымен Тасбөгеттің өзінде екі көпқабатты үй берілсе, бүгін міне, Жаппасбай батыр көшесіндегі және бір жаңа үй тұрғындар игілігіне табыс етілді. Алдағы аптада Қызылорданың жастары да қоныс тойын тойлауға әзірлене берсе болады, - деді облыс әкімі

Бұл үйдің сапасына «Асар» компаниясы жауапты. Салған сол еңбек ұжымының құрылысшылары. Баспаналы болғандар санаты негізінен ата-ана қамқорлығынсыз қалған жастар. 15 жылдай үй кезегіне тұрып, Ұлыстың ұлы күні қарсаңында қуаныштары еселеніп жатыр. Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Әсел Маханбетова дүйім жұртқа алғысын жаудыруда.

Денсаулық сақтау саласының маманы Арайлым Тілеубайдың да жүзі қуаныштан бал-бұл жанып тұр.

Үйі бардың күйі бар деген. Үлкендер жағы бұл үйдің тұрғындарының босағасына бақ байлансын, қазаны майлансын деп бата-тілегін жаудырып жатты.