Облыста балалардың жарақаттану дерегі азаймай тұр. Әсіресе, жол-көлік апаты мен көпқабатты үйлердің терезесінен құлау оқиғасынан қауіп күшейген. Мәселен былтыр екі бала терезеден құлап ажал құшса, биыл екі жасөспірім мотоскутермен жол-көлік апатынан көз жұмды.
Облыстық балалар ауруханасының жарақат бекетіне былтыр 22 мыңнан астам бала қаралып, медициналық көмекке жүгінген. Басым бөлігі жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендер. Ал жыл басынан бері 74 баланы жануарлар тістесе, 100-ге жуық күйік шалу фактісі кездесіп отыр.
ҚАНАТ МЕДЕТБАЕВ – ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ
//Жарақат бекетіне 2023 жылы 22352 бала келіп қаралған. Оның ішінде басымдылық беретін жарақаттың түрлері жолкөлік оқиғасы. 614 бала жол-көлік оқиғасымен көмек алған. 458 бала тістелген жарақатпен, яғни ит, мысық жыртқыштардың тістеуінен келіп қаралған. Және де 393 бала күйіктік жарақатпен яғни тұрмыстық жағдайда түрлі ыстық сұйықтықтармен термиялық жарақат алып келген. //
Наурыз айының соңында скутер мінген 16 жастағы жасөспірім жол апатынан қаза тапқан болатын. Бұл биыл орын алған екінші қайғылы жағдай. Құзырлы орындар рейдтік шараларды күшейткенімен мопед мінген жасөспірімдер азаяр емес. Жыл басынан бері 300-ден астам әкімшілік хаттама толтырылып, ата-ана жауапқа тартылса, 114 бала жолкөлік оқиғасымен жарақат алып, дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Осы ретте полицейлер жүргізушілердің арнайы талаптарға бағыну керектігін айтады. Мәселен мотошлем болу міндетті, жолаушы тасымалына және жүк тасуға тыйым салынады. Және жарық шағылыстыратын кеудеше кию де басты талаптың бірі.
ЕРЖАН ШАМАХОВ – ҚПБ ЖПҚБ ППБ КОМАНДИРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
//Қазіргі таңда бізге мәселе болып тұрған. Самокат, мопед, скутерлермен болатын құқық бұзушылықтар. Қазіргі таңда жыл басынан бері есептеген кезімізде 53 мопед жүргізушілерімен жасалған жолкөлік оқиғалары орын алып тұр. Өкінішке қарай оның екеуі қайғылы жағдаймен аяқталды. //
Балалар жарақатына қатысты жиі кездесетін оқиғаның тағы бірі көпқабатты үйдің терезесінен құлау дейді дәрігерлер.
ҚАНАТ МЕДЕТБАЕВ – ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ
//Тағы бір жарақаттың үлесін 34 бала көпқабатты үйлердің москиттік торының терезеге арналған. Сол арқылы құлап жарақат алған. Осы маскиттік тордан жарақат алған балалардың политравма дейді. Көптеген дененің, ағзалардың жарақаты кездеседі. Өте ауыр жағдайда түседі. Өкінішке орай сол 34 баланың екі баласы қайғылы жағдаймен аяқталды.//
Қауіпсіздікті сақтау үшін мамандар тұрмыстық жағдайда термиялық сұйықтықтардан қорғануға, жол өткелдерінде балалармен бірге қауіпсіздік шараларын сақтауға, көпқабатты үйлердің терезелерін темір торлармен қаптауға кеңес береді.