Шиеліде жарық желілері 70 пайызға тозып тұр. Осыған байланысты ауданда екі кезеңнен тұратын арнайы жоба дайындалған. Қазір бірінші кезең бойынша жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр. Тілші бейнематериалында толығырақ.

«Тақыркөл» қосалқы станциясы 6 елді мекенді электр энергиясымен қамтиды. Аталған нысанның ауыл халқы үшін маңызы зор. Сондықтан мұнда ағымдағы жөндеу жүргізіліп жатыр. Ал аудан орталығындағы қосалқы станцияда биыл қайта жаңғырту жұмыстары басталады.

ҒАБИТ ҚАЛҚҰЛОВ – АУДАНДЫҚ ЭЛЕКТР ТАРАТУ ТОРАБЫНЫҢ БАСШЫСЫ // Шиелі 220/35/10 қосалқы стациясында тұрмыз. Осы жерге 4,9 млрд теңгеге жобалау құжаттары дайындалған. 2024 жылға 1,6 млрд теңге қаражаты қаралып тұр.

Оған қоса, биыл ұзындығы 25 шақырым болатын 10 кВ әуе желісі, 18 шақырым 0,4 кВ-тық желілер жаңғыртылуда. Сондай-ақ, 9 дана қосалқы станцияны ауыстыру жоспарда тұр. Бұл жұмыстар аяқталған кезде, жарық желілерінің тозу деңгейі 70-тен 65 пайызға төмендейді.

ҚАБЛЕШ БЕКІШЕВ – АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ТӨРАҒАСЫ /// Бұрын жарықтың жағдайы мәз емес тұғын. Дауылдар болса, жиі-жиі сөніп тұратын. Жарықтың жағдайы жақсы. Мына жүргізіліп жатқан істердің барлығын көріп жатыр.

Ал электр желілерін жаңғыртудың екінші кезеңіне жоба сметалық құжаттары әзірленген. Қазіргі таңда қаржы көзі қарастырылып жатыр. Мамандар, ауданның жарық мәселесін алдағы 4 жылда толық шешуге мүмкіндік барын айтады.