Арал ауданындық прокуратурасы құқық бұзушылыққа жиі баратын азаматтармен кездесу ұйымдастырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты жаза күшейді. Жаңа заңға сәйкес әйелдер мен балаларға қатысты кез келген сипаттағы зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік қатаңдатылды. Кей тұстарда заңбұзушылықтар үшін әкімшілік жаза қылмыстық жазаға ауысты. Яғни, отбасының ойранын шығарып, әйелі мен бала-шағасына қол көтергендер енді қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Аудандық прокуратураның ұйымдастыруымен өткен жиында заңға енгізілген өзгерістер түсіндірілді. Ал, ардагерлер отбасы құндылығын сақтау, балалардың болашағы туралы сөз қозғап, ақыл кеңесін айтты.