Облыс орталығында көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, түркі халықтарының даңқты күрескері Мұстафа Шоқайға арналған «Әлем таныған тұлға» тақырыбында жиын өтті.

Мұстафа Шоқай - түркі бірлігі идеясының жаршысы. Саналы ғұмырын түркі жұртын бір шаңыраққа біріктіру идеясына арнаған ол тағдырдың талай соқпағынан өтті. Қуғынға ұшыраса да Еуропада жүріп, қазақтың бостандығы үшін күресті. Жиынға қатысқан зиялы қауым өкілдері Ұлт ардақтысына осылай деп баға берді. Ал, мұстафатанушы Әбдіжәлел Бәкір өз баяндамасында алаш көсемінің негізгі идеясы үш ұғыммен ұштасқанын атап өтті. Ол: ұлттық тәуелсіздік, ұлттық мемлекет, ұлттық бірлік. Сондықтан да оның өмір жолы мен шығармашылық мұрасын кейінгі ұрпаққа жеткізудің маңызы зор, дейді.