Мемлекеттік кірістер органдарына 2023 жылдың қорытындысымен үш ай қатарынан ай сайын жеке банктік шотқа 100-ден астам аударым жүргізген тұлғалар туралы мәліметтер берілді. Салық саласының мамандары осыған байланысты талдау жұмыстарын жүргізіп, кемшілік анықталған тұлғаларға хабарлама жіберуде.

МЕЙРАМБЕК ИБРАИМОВ - ҚАЛАЛЫҚ МКБ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ \Хабарламамен келіскен жағдайда салық төлеуші кірістер органдарына тіркеледі немесе табысы төмендеген салық төлеушілер қосымша табыс есептілігін тапсыру арқылы хабарламаны орындайды. Кірістер органдарының жіберген хабарламасымен келіспеуі де мүмкін. Келіспеген жағдайда өзінің дәлелді құжаттарын ұсына отырып бізге түсіндірме хат бере алады\

Ал, биылдан бастап мемлекеттік мекемелердің, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері және олардың жұбайларының мобильдік аударымдары тексеріледі. Бұл - тіркелмеген және табысын жасырған кәсіпкерлерді анықтау үшін қажет.