Облыста Конго-қырым қанды безгегінің ошағы шығуы мүмкін деген 115 елді мекен анықталды. Қолайсыз деп есепке алынған аумақтарда кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстарының көктемгі кезеңі сәуір айында басталады деп жоспарланып отыр

Өңдеу жұмыстары облыстың оңтүстік аймақтарынан бастап жүргізілмек. Осыған орай мамандар тұрғындардан мал қораларға механикалық тазалау жұмыстарын жүргізуді сұрайды.

 Былтыр Қазалы, Жалағаштан басқа ауданның барлығында Конго-қырым қанды безгегі тіркеліп, облыс бойынша эпидемиологиялық ахуал қолайсыз болды. Облыста 48 күдікті науқас тіркеліп, оның 13-інің диагнозы расталды. Тұрғындар үшін кенеден келетін қауіп тек көктем-жаз айларында ғана емес, жыл көлемінде сақталуда. Былтыр Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына шалдығу жағдайы желтоқсан айында да тіркелген болатын.