Аймақтағы су айдындарында 20 сәуірден 10 маусымға дейін балық аулауға шектеулер енгізіліп, тыйым салынады. Инспекция мамандары «Уылдырық шашу» акциясы аясында күшейтілген рейд жұмыстарын ұйымдастырмақ.

Балық пен өзге де су жануарларының уылдырық шашу және көбею кезеңіндегі шектеулер орындар мен мерзімдеріне қарай бөлінеді. Мәселен Шардара су қоймасының су айлағында 1 сәуірден 20 мамырға дейін, Түркістан облысы шегіндегі су айдындарында және Шардара су қоймасынан Қызылорда облысының әкімшілік шекарасына дейінгі Сырдария өзенінде 15 сәуірден 31 мамырды қоса алғандағы аралықта, Кіші Арал теңізінің су айлағында 1 мамырдан 10 маусымға дейін, ал Қызылорда облысының шегіндегі су айдындарында 20 сәуірден 10 маусымды қоса алғандағы аралықта шектеу енгізілген. Былтыр уылдырық шашу кезеңінде балық аулау ережесін бұзушылықтың 70 дерегі анықталып, 29 тұлғаға айыппұл салынған.