Кадрлық ауыс-түйіс. Бұған дейін «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығының директоры болған Мұрат Тасқараев қала әкімі аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды. Серік Қожаниязов жаңа аппарат басшысын қала активіне таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.

Мұрат Ибрагимұлы еңбек жолын Қармақшы ауданы әкімі аппаратының маманы болып бастаған. 2011-2022 жылдары облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының бас маманы, облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының бөлім басшысы, облыс әкімі аппаратының бас инспекторы, облыс әкімі орынбасарының көмекшісі, облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының орынбасары, облыс әкімі хатшылығының бас инспекторы болды. Ал, 2022 жылдың қазан айынан бүгінгі күнге дейін «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығының директоры қызметін атқарған.

СЕРІК ҚОЖАНИЯЗОВ, ҚАЛА ӘКІМІ \Мұрат Ибрагимұлының мемлекеттік қызметте тәжірибесі мол. Үлкен мектептерден өттіңіз. Жаңа қызметіңізге жастық жігер мен әлеуетіңізді жұмсап, қаланың мәдени-рухани, экономикалық дамуына үлес қосады деп сенім білдіремін \

Ал, бұған дейін қала әкімі аппаратының басшысы болған Жасұлан Абатов облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды. Серік Қожаниязов Жасұлан Уәлиұлын жаңа қызметімен құттықтап, Қызылорда қаласының Құрмет грамотасын табыстады.