Қалалық құрылыс бөліміне жаңа басшы келді. Лауазым иесі актив отырысында таныстырылды. Бұл лауазымға Сырлыбаев Дінмұхамбет Мұратбекұлы тағайындалды.
Дінмұхамбет Мұратбекұлы 1989 жылы дүниеге келген. Жоғары білімді. Еңбек жолын 2012 жылы «Қызылорда қалалық тұрғын үй иснпекциясында инспектор қызметінен бастаған ол әр жылдары қалалық жер қатынастары бөлімі, қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі, қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінде бас маман, сектор меңгерушісі, бөлім басшысының орынбасары қызметтерін атқарды. 2022-2023 жылдары облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасында бөлім басшысы болды. 2023 жылдың мамыр айынан бастап осы кезге дейін қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы қызметін атқарып келді. Қала әкімі жаңа басшысының қызметіне сәттілік тіледі.
Ал, осыған дейін қалалық құрылыс бөлімінің басшысы болған Айдын Әнуар Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары лауазымына ауысуына байланысты қызметінен босатылған болатын. Айдын Серікұлына шаһардың дамуына қосқан зор үлесі үшін «Құрмет» грамотасы табысталды.