Негізгі Жаңалықтар М.Ергешбаев облыстық мәслихаттың VIII шақырылым депутаттарымен кездесті

М.Ергешбаев облыстық мәслихаттың VIII шақырылым депутаттарымен кездесті

#qyzylordatv 

Облыс әкімі өңірлік мәслихаттардың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты VIII шақырылым депутаттарымен кездесті. Айта кетейік, Орталық сайлау комиссиясы барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауын 29 қарашаға белгіледі. 


 2023 жылы мәслихаттың VIII шақырылымының жұмысы басталып, оның құрамына түрлі саяси партиялар өкілдері енді. Бұл жергілікті мәселелерді жан-жақты талқылауға мүмкіндік берді. Халық сенім артқан азаматтар мемлекеттік органдармен, сайлаушылармен тығыз байланыс орнатып, Президентіміздің бастамасымен елімізде өткен ірі саяси науқандарға белсенді қатысты. VIII шақырылым депутаттары өңір тұрғындарын толғандырған өзекті мәселелерді күн тәртібіне шығарып, олардың оң шешілуіне ықпал етті. Бюджет қаражатының тиімді әрі мақсатты жұмсалуына бақылау жүргізу, мемлекеттік органдармен бірлесіп, халықтың талап-тілегін орындау бір жүйеге түсті. 


  Жиында аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан бір топ азамат Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың, облыс әкімінің Алғыс хаттарымен, «Қызылорда облысының Құрмет грамотасымен», «Қызылорда облысының дамуына қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды.

Бөлісу