Негізгі Жаңалықтар Қызылордада түрмеге гамбургермен насыбай өткізбек болды

Қызылордада түрмеге гамбургермен насыбай өткізбек болды

#qyzylordatv 

Қызылорда қаласындағы №60 түзеу мекемесіне тыйым салынған затты жеткізу әрекетінің жолы кесілді. 9 жылға сотталып, жазасын өтеп жатқан азаматқа оның інісі сәлем-сауқатпен бірге насыбай әкелген. Алайда, заңды айналып өтпек болған туысының бұл қулығынан ештеңе шықпады.


 Тексеру барысында төрт дана насыбайдың гамбургердің ішіне жасырылғаны белгілі болды. Оқиға мекеменің бақылау-өткізу бекетінде анықталған. 5547 әскери бөлімінің әскери қызметшісі мен түзеу мекемесінің қызметкерлері күмәнді тағамды байқап, егжей-тегжейлі тексерген кезде тыйым салынған өнімді тапты.

Аталған дерек бойынша тәртіп бұзушыға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 481-бабымен тиісті құжаттар рәсімделді. Қазіргі уақытта жинақталған материалдар заңды шешім қабылдау үшін әкімшілік сотқа жолданды.


Бөлісу