Облыстық прокуратураның бастамасымен және қала әкімдігінің ұйымдастыруымен су тасқынынан зардап шеккен аймақтарды қолдау мақсатында «Қайырымдылық – қайырлы іс» атты веломарафон өтті.

Веломарафонға қала тұрғындары, еңбек ұжымдары және әуесқой спортшылар қатысты. Алдымен облыс прокуроры бұқаралық спортты дамытуға әрі қайырымдылық шарасына үлес қосқан қатысушыларға алғысын білдіріп, велоспортшыларға сәттілік тіледі. Ғани Мұратбаев атындағы стадионнан бастау алған жарыс жолы Тәуелсіздік даңғылы арқылы сол жағалауды қамтыды. Жалпы 200-ге жуық қатысушы 20 шақырым жолды жүріп өтті. Веломарафонның қатысушыларына арнайы медальдар табысталды.