Биыл Жалағаш ауданында 1 мен 10 сынып аралығындағы 6646 оқушы жазғы демалыспен қамтылады. Бүгінде мектеп жанындағы лагерлер өз жұмысын бастады. Оқушылар жаздыгүні тынығып қана қоймай, ұлттық құндылықтармен танысады. Күні кеше жазғы демалысқа шыққан балалар орталық алаңда киіз үй құрды.

Киіз үй – көшпелі өмір салтының төл туындысы. Оны қазақы қоңыр тіршіліктің бір бөлігі десек болды. Бірақ, өмір салтымыз өзгергесін, кейбір ұлттық құндылықтарымыз шетте қалып жатқаны рас. Салт-дәстүрімізді жастар жадында жаңғырту мақсатында ауданда «Этно ауыл» лагері қолға алынды.

БАҚЫТЖАН БЕРЕКЕТ – ОҚУШЫ //Бүгін біз киіз үй құрауды үйреніп жатырмыз. Оны құрудың жолдары, бөліктердің қалай аталуы, керегенің құрылуы. Бұрын-соңды киіз үй құрып көрмегендіктен маған өте қызық болып жатыр. Әрбір адам білу керек ұлттық мұрасын//.

ТАЛҒАТ САДЫҚОВ – АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

"Жалағаш кентінде мектеп бар. мектептің оқушыларын осы орталықтағы музей жанынан қазақтың киіз үйін құрып жатырмыз. Бұған балалар кез келген уақытта келіп, тарихымен таныса алады."

«Этно ауыл» лагерінің берері мол. Оқушылар киіз үйдің құрылымын көріп, тарихын тани түсті. Енді мұнда бір ай көлемінде ұлттық құндылықтарымыз дәріптеледі. Осынау тың бастамаға «Аманат» партиясы ұйытқы болған.

ҚАНШАГҮЛ МҰСТАФАЕВА – «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ЖАЛАҒАШ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ

"Қазіргі жас ұрпаққа үлкен буын үйретуіміз керек. Сол тұрғыда ат әбзелдерін үйретеді. Ұлттық біздің астарымыз бар ғой. Соларға бір күнді арнап тұрмыз. 2:18-/ сонда жан-жақты бұл жерге келген балалар қажетті ақпаратты ала алады деп түсінемін. "

Жалпы, ауданда 6646 оқушы жазғы демалыспен қамтылады. Аудандағы «Ақтерек» лагері 6 ауысымда 442 баланы қабылдаса, сондай-ақ, балаларды өзге аймақтарда демеушілер есебінен тынықтыру жоспарланып отыр.