Орта державалар – саясаттағы өзгеріске бейім басты ойыншылар. Осындай атаумен «Еуроньюс» телекомпаниясының сайтында президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мақаласы жарияланды. Естеріңізге сала кетсек, Президент Сингапурға барған мемлекеттік сапарындағы дәрісі кезінде жаһандық қауіпсіздікті, тұрақтылық пен орнықты дамуды қамтамасыз ету ісіндегі орта державалардың атқаратын рөлі туралы егжей-тегжейлі тоқталған еді.

«Осы орайда, Қазақстан сияқты орта державалардың өз аймағында және одан тыс жерлерде де тұрақтылық, бейбітшілік пен дамуды қамтамасыз етуде әлеуеті артып келе жатыр. Біздің өзгеріске бейімділігіміз күрделі дипломатиялық тығырықтан шығуға, мәмілеге келуге және татуласуға жол ашуға мүмкіндік береді», – делінген Қасым-Жомарт Тоқаевтың Euronews басылымында жарияланған мақаласында.